Жаңалықтар

Айгүл Иманбаева әкесін соңғы сапарға шығарып салуға үлгермеді

Айгүл Иманбаева әкесін соңғы сапарға шығарып салуға үлгермеді
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva 10.08.2023 09:15 19363

Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаеваның әкесі Серікқұл Жәрдемәлиев өмірде өткен болатын.«Болашақ»бағдарламасымен Ұлыбританияда оқып жүрген өнер иесі әкесін ақтық сапарға шығарып салуға үлгермеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өмір барда өлім хақ. Әкем Серікқұл Сибғатұлы жамбасы бүгін жерге тиді. Алланың берген жасы 73 екен. Кеше ғана тауып, қасында өзімді кішкентай Айгүл сезініп балалығыма оралған қуанышымды Аллам маған өлшеп берген екен. Шүкір дедім. Жүрегімдегі тасты жұлып тастап 46 жасымда әкемнің қасында бақытты бала болдым, еркеледім, еркелеттім. Шүкір дедім. Маған Лаура мен Дәулеттей бауыр сыйлады .Сіңілім Райханмен арадағы үзілген жіпті жалғадым. Анам мен әкем бір-біріне іште қалған реніштерін кешіріп, енді ғана әдемі сыйластық басталған. Үзілді...Шүкір дедім. Жаратқанның әрбір ісіне, бергеніне бәріне шүкіршілік еттім. Тек жанымды қатты қинаған менің сыртта оқуда жүріп, бүгінгі әкемді соңғы сапарына шығарып салуға үлгермегенім батты ғой.  Тапқаным кеше ғана еді, бүгін жоғалттым...Жаратқанның жоспары бізге осылай екен. Шүкіршілік еттім, - дейді Айгүл Иманбаева. 

Бұған дейін әншінің әкесінің қайтыс болғанын жазғанбыз. 

Оның алдында Айгүл Иманбаеваның Англияға барып балалы болуды қалайтынын жазғанбыз. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға