Әйгілі «Титаник» кемесін көру үшін суасты көлігіне мінген 5 турист жоғалып кетті
Жексенбіден бері құтқарушылар Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде жоғалып кеткен сүңгуір қайықты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
nbcnews порталының хабарлауынша, Бортында 5 адам (Франция, АҚШ, Ұлыбритания және Пәкістан азаматтары) бар шағын «Титан» (Titan Sub) қайығы Солтүстік Атлантикадағы суға батқан «Титаник» кемесімен танысу үшін 4 мың метр тереңдікке сүңгіп кеткен.
Titan Sub – Oceangate компаниясына тиесілі шағын суасты аппараты. Салмағы – 10 тонна, ұзындығы – 6,7 метр. Сыйымдылығы бес адаммен шектелетін аппарат 96 сағатқа тереңдікке бойлай алады.
Қазір Американың қарулы күштері Канада мен Франциядан келген әріптестерінің қолдауымен құтқару операциясына қатысып жатыр. Іздеу жұмыстары кезінде гидролокатордың жекелеген дыбыстарды анықтағаны хабарланды. Биліктің бағалауы бойынша, сәрсенбі күні таңертең кемеде шамамен 30 сағаттық оттегі қалған.