Жаңалықтар

Әйгілі өнер қайраткері Александр Масляков өмірден өтті

Әйгілі өнер қайраткері Александр Масляков өмірден өтті
Фото: instagram.com/kvnofficial 08.09.2024 22:34 1275

8 қыркүйекте әйгілі тележүргізуші және Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Александр Масляков қайтыс болды. Бұл туралы КВН халықаралық одағы Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың 8 қыркүйегінде Александр Васильевич Масляковтың қайтыс болғаны туралы терең өкінішпен хабарлаймыз. Ол КВН қозғалысының барлық қатысушылары мен миллиондаған көрермендер үшін әрдайым аңыз болып қалады. 1964 жылдан бастап ол "КВН" бағдарламасын жүргізіп, Ресей мен өзге де мемлекеттерде сатира мен әзілдің символына айналды, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеңестік және ресейлік жүргізуші Масляков 83 жасына қараған шағында көз жұмды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға