Жаңалықтар

Әйгілі америкалық компания Қазақстандағы оқу орындарына тегін компьютерлер береді

Компьютер техникасын дайындайтын бренд өкілімен ведомство басшысы кездесу өткізді
Әйгілі америкалық компания Қазақстандағы оқу орындарына тегін компьютерлер береді
Фото: dixi.education 16.12.2022 03:10 934

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Hewlett-Packard Inc Орталық Азия кеңсесінің үкіметпен байланыс және мемлекеттік саясат бөлімінің басшысы Диана Райанмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Hewlett-Packard компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін талқылады.

Диана Райан Hewlett-Packard Қазақстанның жоғары оқу орындарына компанияның онлайн-ресурстарын тегін пайдалануға мүмкіндік беруді қарастырып жатқанын айтты. Сондай-ақ оқу орындарына техника, оның ішінде 3D принтерлер мен компьютерлерді өтеусіз негізде беруді жоспарлап отыр. Бұл сұрақтар тағы да талқыланатын болады. Кездесу соңында Саясат Нұрбек қонаққа кездесу үшін алғыс айтып, ғылым және жоғары білім саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға