Жаңалықтар

Айгүл Иманбаева: Солақай болғандықтан тамақ пісіруге икемім келмейтін

...Мен қыз болып сызылып көрген жоқпын. Кешегі «инстаграмға» шыққан макияжсыз суретімді «ұл бала сияқтысыз» деп сынаған болатын...
04.12.2014 12:44 5976

Араға сегіз жыл салып Астана қаласында «Сен ғана» атты жеке шығармашылық кешін өткізген Айгүл ханым концерт кезінде біраз қобалжып тұрғанын жасырмады. Концерттің «Сен ғана» деп аталуын әнші былай түсіндірді: «Өмірден өз орнымды табуға көмектескен, қиын кездерде үнемі қолдап, дем беретін, мені түсінетін де, кешіретін де жалғыз сен, анашым». Осы тұста Айгүл Иманбаева «Анаға сыр» әнін орындады. Концерт әншінің репертуарындағы «Өмір сұлу» деген жаңа әнімен аяқталды.

Айгүл Иманбаева: Солақай болғандықтан тамақ пісіруге икемім келмейтін

«...Мен қыз болып сызылып көрген жоқпын. Кешегі «инстаграмға» шыққан макияжсыз суретімді «ұл бала сияқтысыз» деп сынаған болатын. Ішімнен күлдім, «көрермен де көрген екен-ау» деп. Анам әлі күнге дейін: «Құдай-ау, осы қызымның қыз балаға тән қылығы жоқ, неге ұл болып тумадың екен сен» деп айтатыны бар. Бәлкім ол менің мына өмірде жалғыз жүріп, барлығына еңбектің арқасында, тырнақты қанатып отырып, тырмаланып жеткенімдігінен шығар. Мінез қатқыл, шынайылықты, қарапайымдылықты жақсы көрем. Бала кезімде тып-тыныш жатқан бұзауға мінем деп, құлап түсіп қолымды сындырып алғам. Одан қала берсе, өзімен-өзі сүйек мүжіп жатқан итке барып өрік лақтырам деп, енді өзіңіз ойлаңызшы, қандай ит өрік жейді, ет тұрғанда. Содан әлгі ит тамағын менен қызғанып, қолымды жұлып кеткен болатын...», - деп Айгүл Иманбаева өзінің балалық шағында басынан өткен қызықты хикаяларымен бөлісті. 

Концерт алдында Айгүл Иманбаева el.kz оқырмандарына бейне-сұхбат берген болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға