Жаңалықтар

Әйелін тұмшалап ешкімге көрсетпейтін танымал әнші басқа қалаға көшеді

Әйелін тұмшалап ешкімге көрсетпейтін танымал әнші басқа қалаға көшеді
Фото: instagram.com/aidar_turgambek 18.10.2023 13:35 33427

«Жігіттер» квартетінің солисі Айдар Тұрғанбек жақында басқа қалаға қоныс аударуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің сөзіне қарағанда, оның балаларына Алматының ауа райы жақпаған.

Алғашқы үйім мен көлігімді 2009 жылы алдым. Содан бері үш рет көштім. Жақында басқа қалаға көшуім мүмкін. Қай қала екенін айта алмаймын. Себебі Алматы қыздарыма жақпай, аллергия пайда болды. Әйелім де ауырып қалып жатыр, - деді Айдар Тұрғанбек.

Бұған дейін Айдар Тұрғанбек жұбайының көпшілік жүретін орындарға барғанды ұнатпайтынын, тіпті туыстарының үйлеріне қонаққа бара бермейтінін айтып еді. Өнер иесінің сөзіне қарағанда, оның жары суретке өзін де, балаларын түсіргенді де ұнатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға