Жаңалықтар

Әйелін қатігездікпен өлтірген Бишімбаевқа тағы бір айып тағылды

Әйелін қатігездікпен өлтірген Бишімбаевқа тағы бір айып тағылды
Фото: Коллаж El.kz 16.01.2024 18:03 2291

Салтанат Нүкенованы өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев қандай бап бойынша тергеліп жатқаны мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана полиция департаменті ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған. Оның бірі 110-баптың 2-бөлігі (азаптау), екіншісі 99-баптың 2-бөлімі (аса қатігездікпен кісі өлтіру).

Бұған дейін тек 99-бап бойынша іс қозғалғаны анықталған. Қылмыстық кодекске сәйкес, азаптау үшін төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бишімбаевтың ағасы "Гастро-орталық" директорына қатысты қылмыстық кодекстің 432-бабы (жасыру) және 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша тергеу аяқталған.

Сондай-ақ Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылғанын жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға