Жаңалықтар

Әйелін өлтіріп, денесін орманға апарып жасырған ер адамға сот үкімі шықты

Әйелін өлтіріп, денесін орманға апарып жасырған ер адамға сот үкімі шықты
Фото: © Pixabay.com 12.01.2024 16:32 3012

Петропавлда әйелін пышақтап өлтіріп, денесін орманға апарып жасырған  ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол 10,5 жылға, ал ауыр қылмыстың ізін жасыруға көмектескен оның немере інісі 1,5 жылға сотталды.

Оқиға өткен жылы 13 шілде күні Петропавлда болған. Ер адам жанжалдасып қалған әйелін орманға апарып, пышақтап өлітіреді де, денесін жасыру мақсатында інісін шақырады. Екеулеп мәйітті жыраға тастап, үстін топырақ пен жапырақ жапқан.

Олар кінәні толық мойындады, олардың қылмысы сараптама қорытындысымен, айғақ заттармен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденді.

Қылмыстық іс бүгін СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға