Жаңалықтар

Әйелін балаларының көзінше өлтірген ер адам сотталды

Әйелін балаларының көзінше өлтірген ер адам сотталды
Фото: iStock 24.10.2024 14:11 563

Әйелін кәмелетке толмаған екі баласының көзінше өлтірген ер адам сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот талқылауы барысында сотталушы кінәсін мойындады. 

ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша кінәлі деп танылсын және орташа қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде 14 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сотталған адамнан жәбірленушінің пайдасына 20 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілсін. Үкімді азаматтық талап бөлігінде орындау, сотталушыға алты ай мерзім беру, ал орындамаған жағдайда көрсетілген соманы мәжбүрлеп өндіріп алу, - деп үкім шығарды судья.

Еске салайық, күдікті мен жәбірленуші 10 жылдан аса уақыт бұрын ажырасқан, алайда ер адам бұрынғы жұбайын қудалап келген. Адам өлген түні марқұмның балалары полицияға қоңырау шалған, бірақ ер адамға тек қорғаныс нұсқамасы жазылып, оны марқұмның пәтерінде қалдырып кеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға