Жаңалықтар

"Әйелін бағындыру керек". Танымал актриса ер адамдардың жетістігіне әйелі себепкер екенін айтты

"Әйелін бағындыру керек". Танымал актриса ер адамдардың жетістігіне әйелі себепкер екенін айтты
Фото: Видеодан кадр 05.12.2023 10:28 2535

“Өнер қырандары” театрының жетекшісі, танымал актер Мадияр Серікбаевтың жары Дана Тұрарбек ер адамдардың рөлі туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ердің басын төрге де сүйрейтін, көрге де сүйрейтін – әйел. Небір мықты еркектерді көріп жүресің, әйелінің айтқанынан шыға алмайды немесе күйіктен ішіп кетеді. Бәрібір үйінде берекесі мен тыныштығы болмаған еркек безіп кетеді. Ол ұлттың, мемлекеттің проблемасын шеше алмайды, егер ол үйіндегі мәселені шеше алмайтын болса. Нағыз президент болу керек. Отбасын, балаларын бағындыру керек. Әйелі бір саты төмен тұруы керек. Сыйлау керек. Сол кезде ол жігерлендіреді, неше түрлі белестер мен асуларды алады. Театр ашады, басшы болады, - деді актриса Дана Тұрарбек.

Ал әнші Зарина Омарова ер азаматтың жалақысы үйге, ал әйел адамның жалақысы өзіне жұмсалуы керек деп есептейтінін айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға