Жаңалықтар

«Әйелім менен үлкен, баласы бар». Әнші Ринат Шамшырақ келіншегі туралы айтты

«Әйелім менен үлкен, баласы бар». Әнші Ринат Шамшырақ келіншегі туралы айтты
Фото: instagram.com/rinat_shamshyrak 15.01.2024 17:40 6036

Қарындасымен бірге өлең айтып танылған қазақстандық әнші Ринат Шамшырақ «Қызықты Weekend» бағдарламасында алғаш рет әйелі туралы айтып берді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің сөзінше, оның жары өзінен алты жас үлкен, бұрын тұрмыста болған.

Оқи отырыңыз:

Басында анам сүйіктімнің менен үлкен екенін, баласы барын мүлде білмеді. Мен Жаңа жылға қарай оны ауылға алып бардым. Аружанға бәрі қызықты. Біз қайтқаннан кейін бәрі жиналып, қасымдағы қыздың кім екенін зерттеп, Instagram парақшасына кіреді. Осы сәттен туыстар арасында әңгіме басталады, - деді ол.

Ринат Шамшырақтың ата-анасы бастапқыда олардың үйленуіне қарсылық білдірген.

Анам бәрін білгеннен кейін басқаша көзқараста болды. Содан ол «балам, ол өзіңнен үлкен ғой, болашағың алда. Осы жерден қоя сал» деді. Басында «жарайды» деп жүрдім, бірақ жақсы көремін. Уақыт өте бұл тақырыпты туысқандарым да, өнердегі ағаларым да, барлығы талқылай бастады.  Не істерімді білмей жүргенде қатты ауырдым. Сөйтіп, операцияға түскенде Аружанның қамқорлығын байқадым. Содан шынайы махаббат басталды, - деді әнші.

Айта кетейік, Ринат Шамшырақ жақында ғана Аружан есімді гример әйелмен отбасын құрып, тойын дүркіретіп атап өткен болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға