Жаңалықтар

Әйелдің құрметіне салынған әлемнің кереметтері

Әйелдің құрметіне салынған әлемнің кереметтері
Фото: wallhere.com 07.03.2023 17:00 2493

Әлемдегі ең әйгілі ғимараттаррдың бірі – Тәж-Махал кесенесі. Ол қазір Үндістанның ғана емес, әлемнің жеті кереметіне айналды.

Делиден 204 шақырымда орналасқан сәулет өнерінің жауһарын көруге әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған турист келеді. Ал осы қаншама ғасырдан бері сәулетімен бүкіл әлемді тәнті етіп келе жатқан Тәж-Махал кесенесі Мокала Мумтаз есімді сұлу әйелдің құрметіне салынғанын білесіз бе?

Топал Темірдің ұрпағы Захан-Шах 13 бала туып, он төртінші бала үстінде қайтыс болған әйелі Мумтаз Махалдың құрметіне салған. Біраз уақыт өткен соң құсадан көз жұмған шахтың өзі сүйіктісі тоқалының жанына жерленді. Кесененің құрылысы 1630 жылы басталып, 22 жылға созылған. Тәж-Махал – мәңгілік махаббаттың символы және әлемнің жеті кереметінің бірі. Орталық Азиядан, Ираннан және Таяу Шығыстан келген жиырма мың зергер суретші төрт мұнарасы мен бес күмбезі бар және биіктігі 74 метр болатын ақ мәрмәр кесенесін салуға жұмылдырылған. Тәж-Махал кешеніне шығыс жағында таяқтың дәл көшірмесі бар қызыл құмнан салынған мешіт кіреді. Кесенеге кіру симметриялы түрде салынған қақпа арқылы жүзеге асырылады. Әдемі бассейнмен қоршалған Тәж-Махал – сәулет өнерінің шыңы саналады.

Кесене толығымен ақ мәрмәрден тұрғызылған, қабырғалары оюланған мәрмәрден жасалған Орталық Азиялық әшекейлермен қолмен безендірілген. Кіреберістегі ең керемет Құран сүресі – ақ-қара, ал қабырғалардағы әшекейлер мен гүлдер қызғылт және ақ, малахит, сапфир, нефрит және мәрмәр тастан жасалған. Бұл кесенеден әлемдегі ең күшті «Кох-И-Нур» әлемдегі ең кесек гауһар тас табылды, оны кейіннен ағылшындар алып кетіп, қазір Лондон қаласында сақтаулы.

Тәж-Махалды толқыны соғып жатқан Джамуна өзенінің қарсы жақ бетінде қара мәрмәрдан аяқталмаған құрылыстың іргетасы жатыр. Захан шахтың жоспарларына сәйкес, ол қара мәрмәрдан жасалған Тәж-Махалдың көшірмесіне жерленуі тиіс еді. Джамуна өзенінің екі жағасында созылған егіз қозыдай бір-біріне аумайтын қара және ақ мәрмәрдан салынған қос кесенені көпір жалғап жатуы керек еді. Алайда жаугершілік замандағы көрші мемлекеттердің шабуылынан ортайған мемлекет қазынасының тағы бір қымбат құрылысты салуға шамасы келмеді. 1658 жылы Захан шахты Ұлы Аурангзеб тақтан тайдырып, Қызыл бекініске қамап қойды. Тоғыз жыл қамауда отырған Захан шах көз жұмғаннан кейін оны тоқалының жанына апарып жерледі. Аңыз бойынша Жахан шах құрылыстың сызбасын жасаған бас сәулетшінің екі қолын шауып тастаған. Ол мұны әлемде мұндай таңғажайып ғимарат қайталанбауы үшін жасаған. Қаншама жер сілкіністері болса да ғимарат еш бүлінбеген.

Әйелдің құрметіне салынған әлемнің кереметтері

Қазақ жеріндегі әйелге деген шексіз құрмет пен махаббаттың белгісіндей Айша бибі кесенесі – аймақтың аңыздары мен әфсаналарында суреттелетін, өркениет мен тарихтың ғажайыптарының бірі. Кесене Тараз маңындағы Айша бибі ауылында орналасқан. Бұл тарихи ескерткіш 11-12 ғасырлардағы әдемі сәулет үлгісі.

Ол – Қазақстанның ортағасырлық сәулет өнерінің басты үлгілерінің бірі. Кесенені Қарахан әулетінің төртінші патшасы Махмуд Қарахан өзінің сүйіктісі Айшаның құрметіне салдырған.

Жалпы, бұл тарихи кесененің құрылысы туралы нақты деректер жоқ. Әр таста жасырылған жұмбақ аңыздар ғасырлар бойы адамдардың жадында сақталған.

Сонымен қатар Айша туралы мәліметтер тарихи жазбаларда кездеспейтін 30-ға жуық аңызды құруға негіз болды.Әрбір аңыздың өзіндік айырмашылықтары бар.

Айша бибі туралы аңыздың 28 нұсқасы бар, олардың бірі – Айша Бибі мен оның күйеуі Қараханның махаббат туралы аңызы. Ең танымал аңыз бойынша, Айша ХІ ғасырдың әйгілі ғалымы және ақыны Бақырғанидың қызы болған. Ол Бақырғани деген атпен танымал Ахмед Ясауидің шәкірті болған. Аңыз бойынша, Бақырғани қайтыс болғаннан кейін Айшаны Айтқожа Шейх тәрбиелейді. Айша сұлу ортағасырлық Тараз қаласының билеушісі жас Қарахан Мұхаммедке ғашық болады.

Алайда Айшаның әкесі Қараханның ақсүйек тұқымы емес екенін айтып, олардың некелеріне қарсы болады. Қыздың әкесін көндіре алмаған Карахан туған қаласына оралады. Қараханның кеткенін естіп, 3 рет әкесінің рұқсатын ала алмаған Айша 40 қызды ертіп, Қараханға аттанады. Қалаға жақындағанда суға түсіп демалып алмақшы болған Айшаны жылан шағып, көз жұмады. Аңызда қызының мінез-құлқына ашуланған әкесі Айшаға «Сен алты өзеннен өтесің, бірақ жетіншіден өте алмайсың» деп теріс бата бергені айтылады.

Айша алты өзеннен өтті. Жетінші өзенге жеткенде, әкесінің қарғысы орындалды, ал Айша сүйіктісімен кездесуге асығып, жартастың астынан шыққан улы жыланнан қайтыс болды. Жыланның уынан қайтыс болған.

Айшаның үзіліп бара жатқанын естіген Қарахан асығып жетіп, некесін қидырып, кесенені тұрғызған екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға