«Әйелдерден кем болмайды». Ерлерге ұнайтын заң Сенат қарауына жіберілді
Парламенті Мәжіліс еңбек қауіпсіздігін жетілдіруге және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған заңды екінші оқылымда қабылдады. Енді құжат Сенаттың қарауына жіберіледі.
Заңға сәйкес еңбек кодексіне, әлеуметтік кодекске, сондай-ақ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Негізгі жаңашылдықтардың бірі – бір ұйым ішінде бір мамандық бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің ең төменгі және ең жоғары жалақысы арасындағы рұқсат етілген арақатынасты белгілеу. Бұл бірдей лауазымдағы қызметкерлер арасындағы негізсіз жалақы айырмашылығын азайтуға бағытталған.
Сонымен қатар егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шартта (АҚШ) еңбек қатынастарының кемінде бір белгісі болса, жұмыс берушілерге мұндай шарттарды жеке тұлғалармен жасасуға тыйым салынады.
Әлеуметтік қорғау саласында да маңызды өзгерістер қарастырылған. Атап айтқанда, кәмелет жасына толмаған балаларға нақты күтім жасаған, бірақ жұмыс істемеген әкелердің бұл уақыты жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептелетін болады. Осылайша, декреттік демалыста болған әкелердің құқықтары аналардың құқықтарымен теңестіріледі.
Сонымен бірге заңда келесі өзгерістер көзделген:
• уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлерге емдік-профилактикалық және диеталық тағам өнімдерін беру тәртібін бекіту жөніндегі құзыретін кеңейту;
• ұжымдық шарттарға еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде төленетін жәрдемақылар мен өтемақыларды қамтитын нормаларды міндетті түрде енгізу;
• «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы қызметтерді лицензиялауға қатысты түзетулер енгізу;
• мәслихаттарға «облыстың, қаланың немесе ауданның Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту құзыретін беру.
Бұдан бөлек, депутаттардың ұсынысы бойынша жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналармен (жынысына қарамастан) еңбек шартын бұзуға тыйым салынады. Осыған байланысты «жалғызбасты ана» ұғымы «жалғызбасты ата-ана» деп өзгертіледі.
Дауыс беру қорытындысы бойынша заң Мәжіліс депутаттары тарапынан қабылданып, Сенаттың қарауына жолданды.
Бұған дейінгі отырыстарда депутат Асхат Аймағамбетов заң жобасында тек еңбек қауіпсіздігі ғана емес, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін маңызды нормалар қарастырылғанын жеткізген еді.
Атап айтқанда, біз бұл заң арқылы әкелердің де құқығын қорғап отырмыз. Қазіргі қолданыстағы жүйеде, егер жұмыссыз ана үш жасқа дейінгі бала күтімімен үйде отырса, бұл кезең оның еңбек өтіліне есептеледі. Алайда дәл осы құқық әкелерге берілмеген. Біз бұл теңсіздікті жоюды ұсынамыз, – деген еді Асхат Аймағамбетов.
Заң қабылданған жағдайда, егер бала күтіміне әке шықса, бұл кезең оның да еңбек өтіліне қосылады. Бұл тек әлеуметтік әділеттілік қана емес, сонымен қатар қоғамдағы отбасылық рөл

