Жаңалықтар

Әйелдер Қадір түнін мешітте қарсы алуға міндетті ме?

Әйелдер Қадір түнін мешітте қарсы  алуға міндетті ме?
Фото: El.kz 17.04.2023 16:32 1546

Бұл туралы Алматыдағы Абай Құнанбайұлы мешітінің ұстазы Медине Өмірәлі «Мұнара» арнасындағы бағдарламада айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Негізі әйел адам болсын, ер адам болсын бұл түнді құлшылықпен өткізуі керек. Себебі, бұл түннің өзі Алла Тағаланың Құранда түсіргендей мың айдан да қайырлы. Яғни, бұл түнді ғибадат жасап өткізген әрбір мұсылман баласы жақсылыққа кенеледі.

Әйел адамдардың физиологиясына байланысты әртүрлі жағдайлар болады. Ол кезде әйел адамдардың мешітке барамын дегенінің өзі дұрыс емес болады. Себебі, әйел адамдардың ғибадатты үйде істегенінің өзі бірнеше есе сауап әкеледі. Мәселен, бірде бір сахаба әйел Пайғамбарымыз (с.ғ.с) келіп айтқан екен. «Пайғамбар, мен сенің артыңда тұрып, яғни жамағатта тұрып намаз оқығым келеді» деген. Сол кезде Пайғамбарымыз айтқан екен. «Сен менің артымда жамағат боп намаз оқығаннан үйіңнің дарбазасында оқысаң, ол сен үшін қайырлы. Дарбаза ішінде оқығаннан гөрі үйіңде оқысаң, ол сен үшін қайырлы. Үйіңнің ішіңде оқығаннан гөрі өзіңнің бөлмеңде, арнайы намаз оқитын жерде оқысаң, бұл – сен үшін қайырлы», деп жауап береді. Яғни, бұл жерде жәй мешіттер емес, Пайғамбарымыздың артынан намаз оқимын деген кісіге, әйел адамның үйінде оқығаны артығырақ, - деді Медине Өмірәлі "Әдемі әңгіме" бағдарламасында.

Ұстаздың айтуынша, кейбір адамдар түсінбей жатады. Мысалы, ер адамдар жамағатпен бірге намаз оқыса, 27 рет сауап алады.

Бірақ, әйел адамның намазы үйінде артық екен. Өзінің бөлмесінде оқығаны ер адамның жамағатпен оқығанындай сауапқа ие болады екен. Бірақ, Пайғамбарымыз мешітке баруға тыйым да салмаған. Біздер үшін не қайырлы екенін айтып кеткен. Жалпы қадір түнінде намаз оқып, құранды тыңдауымыз керек. «Құран оқу сүннет, құран тыңдау - парыз», - деп атап өтті.

Қaзақcтaн мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен кестеге сәйкес, биылғы Қадір түні 17 сәуіpдeн 18 cәуіргe қараған түнге түсіп тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға