Әйелдер күресінен Қазақстан жасөпірімдер командасы жүлдесіз қалды
23.07.2024 23:49
Фото:
ҰОК
Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Таиландтағы Азия чемпионатында жүлдесіз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ең үздік нәтижені Алина Махамбетова көрсетті. 55 келіде сынға түскен ол қола жүлде үшін күресіп, жеңіліс тапты.
Жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде жалпы есебі тоғыз қазақстандық балуан өнер көрсетті.

