Масленница мерекесінде құймақ жеу сайысына қатысқан 36 жастағы әйел тұншығып, қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Ресейдің Красноярск облысына қарасты ауылдардың бірінде болған. Наталья Алатова Масленница мерекесіндегі құймақ жеу жарысына қатысып, жеңіске жету үшін тағамды шайнамай жұтқан. Алайда көп мөлшердегі құймақ өңешін жауып, тыныс алуын тоқтатты. Оқиға орнында кезекші дәрігерлер дереу көмек көрсеткенімен, әйелді аман алып қалу мүмкін болмады.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Ұйымдастырушылар жарыстың барлық қауіпсіздік талаптарына сай өткенін мәлімдеді. Бұл қайғылы жағдай тағам жеу жарыстарының қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар туындатуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

