pexels.com

Әйел қатты бас ауруынан кейін сал боп қалды

11.07.2025 16:24

Англияның 29 жастағы тұрғыны Саския Бишоп қатты басы ауырғаннан кейін сал болып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы LADBible басылымы жазды.

Саския қатты басы ауырғаннан кейін жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Алғашында ол жұмыстан шаршағаннан деп ойлап, мән бермеген. Алайда бірнеше сағат өткен соң жағдайы күрт нашарлаған: жүрегі айнып, сөйлеу қабілеті бұзылып, қимыл-қозғалысын басқара алмай қалған. Туыстары дереу жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер Саскияға миға қан құйылу диагнозын қойған. Кейін анықталғандай, оған артериовенозды мальформация себеп болған — бұл ми тамырларының сирек кездесетін туа біткен аномалиясы.

Мен мұндай жас кезімде инсульт аламын деп ешқашан ойлаған емеспін. Енді түсіндім: бір рет болса да қатты бас ауруын елемеуге болмайды, — дейді Саския Бишоп.

Қазір ол оңалту курсынан өтіп жатыр. Дәрігерлер халыққа ескерту жасап, бас ауруы әдеттен тыс күшті болған жағдайда, егер ол құсу, көру, сөйлеу немесе қозғалыс бұзылуымен қатар жүрсе, дереу дәрігерге қаралуға кеңес береді.

Бұған дейін бас ауруын бес минутта қалай жазуға болатынын жазған едік.