Жаңалықтар

Әйел адамға ұятсыз хаттар жазды деген Асқар Садықов мәлімдеме жасады

Әйел адамға ұятсыз хаттар жазды деген Асқар Садықов мәлімдеме жасады
Фото: видеодан алынған кадр 05.09.2024 10:07 1595

Әйел адамға ұятсыз хаттар жазып, партиядан шығарылған депутат Асқар Садықов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

Мен алты баланың әкесімін және Азат Перуашевтің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірмекпін. Мені лас ойындарыңыз бен манипуляцияларыңызға араластырмауларыңызды өтінемін. Енді үнсіз қалмаймын. Оның мәлімдемесі партия жетекшісінің деңгейіне мүлде сай келмейді. Алайда Азат Перуашевтің өзі халықты адастырған кезі болған. Оның жұмыс стилі сондай болса керек, - деп атап өтті. 

Садықов Азат Перуашев партиядан шығарғысы келсе басқа дәлел келтіруін сұрады.

Бірақ сізде ол да жоқ. Олар менің қызметіме нұқсан келтіреді. Менен әлі күнге дейін түсініктеме алынған жоқ.  Екіншіден, партия басшылығы бұл жайт туралы маған ескертпеді. Үшіншіден, бұл мәселе Мәжілістің тәртіптік кеңесінде талқыланған жоқ. Сіздің мәлімдемеңізді оқып таңғалып отырмын. Бірақ сіздің бұған дейінгі жалған мәлімдемелеріңіз БАҚ-тың есіне түседі деп ойлаймын. Азат Перуашев осы ақпарат арқылы өзінің орынбасары жемқор деген ақпаратты жасырып қалғысы келген болар. Менің ойымша, Азат Перуашев, сіз мақсатыңызға жеттіңіз, - дейді Садықов. 

Айта кетейік, күні кеше Азат Перуашев депутат Асқар Садықовтың партиядан шығарылуына қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға