Айдос Сұлтанғали Олимпиада лицензиясына қол жеткізді
21.04.2024 18:13
Фото:
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (60 келі) Айдос Сұлтанғали Бішкекте Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айдос жартылай финалда Қытайдың Тайпейінен келген спортшының жауырынын жерге тигізді. Отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Асламджон Азизовтан 2-1 есебімен басым түскен.
Осыған дейін әлем чемпионатында екі мәрте қола медаль, Азия чемпионатында алтын алған Сұлтанғали алғаш рет Олимпиадада сынға түседі.

