Айдана Меденованың 9 жастағы қызы хиджаб киіп жүр
"КешҮou" тобының экс солисі Айдана Меденованың 9 жастағы Әмина есімді қызы хиджаб киіп жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі тұңғышының орамал таққан фото-видеосын Instagram парақшасында бірнеше рет жариялады.
Әнші stories-те "Қандай әдемі, МашАлла!. Алланың рақымымен Амина өзі хиджаб кигісі келді. Мен әрине, оның шешімін қуана қолдадым”, - деп жазған еді.
Осыған байланысты желі қолданушылары әртүрлі пікір қалдыруда.
"Баланың балалық шағын бұзды. Жүрегінде иманы болса, үлкен қыз болғанда оранып алар еді", "Мектепке қалай барады?", "Айдана қызыңның балалық шағын ұрлағанша, қазақша үйретсең дұрыс болар еді?", "Исламда 9 жаста тұрмысқа шығуға болады дейді, құда түссе беруге дайынсыз ба?",- деп жазып жатыр көпшілік.