Ғалымдардың айтуынша, адам баласының бойында мыңнан астам фобия бар. Бірақ ішіндегі сіз біле бермейтін ерекшесі айдан қорқу, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Селенофобия — айдан қорқу дегенді білдіреді. Бұл фобияның не екенін түсіну үшін, ең алдымен, фобияның мағынасын білу қажет. Фобия (грекше «phobos» — қорқыныш, дүрбелең) — адамның психологиялық күйімен байланысты болған жан ауруы. Бұл құбылысқа бейжай қарауға болмайды, себебі фобия адамның өміріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Біз айтып отырған фобиядан зардап шегетін адамдардың саны өте көп. Олар жиі мазасыздық пен үрейден азап шегеді, ал үрейлену — бұл фобияның бір симптомы. Айдан қорқу фобиясында адам табиғат құбылыстарынан, соның ішінде айдың бейнесінен қорқады. Мұндай қорқыныш табиғатқа, атмосфераға және табиғи құбылыстарға байланысты болуы мүмкін, мысалы, жаңбыр, дауыл немесе су. Айдан қорқу фобиясының негізгі себебі — балалық шақта алған жарақаттар. Егер бала 4 пен 8 жас аралығында табиғатқа бейімделу кезеңін дұрыс өткерсе, бұл типтегі қорқыныштардың пайда болу қаупі азаяды.
Демек бұл құбылыстың көбіне балалық шақтағы естен кетпес қорқыныштармен байланысты. Селенофобия психологиялық ауру болып табылады. Мұндай фобияға шалдыққан адамдар ымырт түскенде айды ойлап, оның бейнесін елестетуден қорқады. Жиі кездесетін фобияларға қарсы тұру үшін адамға өз-өзіне деген сенімділік пен теріс ойлардан арылу қажет. Егер бойыңыздан осындай құбылысты байқасыңыз, дереу психологтың көмегіне жүгінген жөн.

