Жаңалықтар

«Айбын» республикалық жастар жиыны басталды

Әскери-патриоттық клубтар
20.06.2016 09:10 5456

Бүгін Қарағанды облысына қарасты «Спасск» полигонында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды.

«Айбын» республикалық жастар жиыны басталды

Оқу-жаттығу орталығының аумағында жайылған шатырлы лагерьге 800-ден аса жас қыз-жігіттер жиналды. Олар – еліміздің барлық өңірлеріндегі әскери мектеп-интернаттардың, әскери-патриоттық клубтардың тәрибеленушілері, жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың студенттері. Жиынға олар әскери қызметкер болу мақсатымен және әскери істің жай-жапсарын білуге құштар боп келді.

«Айбын» республикалық жастар жиыны басталды

Аталған шараны Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов салтанатты түрде ашты:

– Бүгін қазақстандық армия тәуелсіз мемлекетіміз бен халықты қорғауға жан-жақты дайын. Ол өзінің қалыптасу жолында жинақылық пен жауынгерлік рухты  нағыз патриоттық  тұрғыда тәрбиелеу мектебі деп аталуға толық құқыққа және қоғамда айтарлықтай беделге ие болды. Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері барынша күшті және берік болып қалыптасуы үшін барлық жағдайды жасап отыр. Әскери кәсіп елімізде талап етілетін беделді кәсіпке айналды. Бүгінгі күні бізді жастардың өз өмірін әскермен байланыстырғысы келетін ниеті мен талап-тілектері ерекше қуантады. Бұл жиында негізгі басымдық ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында идеялық-тәрбиелілік іс-шараларға бағытталатын болады. Барлығыңызға сайыста табыс, рухтың жігерлілігі, шын күресте жеңіске жетуге деген сенімділік тілегім келеді. Жиын барысында бәріңізге білім және машықтану дағдылыларын жинақтауға тілектеспін. Ал әскери қызметші кәсібімен өмірін байланыстырғысы келетіндерді жоғары оқу орындарында кездестіреміз деген сенімдемін.

«Айбын» республикалық жастар жиыны басталды

Биыл «Айбын» жиынға қатысушыларды ерекше қарсы алды. Ашылу рәсімі кезінде жас патриоттарға, болашақ Отан қорғаушыларға ҚР ҚМ Құрметті қарауыл ротасының әскери қызметшілері өз шеберлігін көрсетсе, ал арнайы мақсаттағы жауынгерлер шапшаңдығы мен күш-қайратын паш еткенін айта кеткен жөн. Ел армиясының Әскери-әуе күштері мен Құрлық әскерлерінің бөлімшелері шартты қарсыласқа шабуыл жасау мен оларды жою жөніндегі арнайы операцияны бірлесіп толық орындады.

«Айбын» республикалық жастар жиыны басталды

Сондай-ақ, бұл жолы «Айбын» жиынына алғаш рет Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың курсант қыздары қатысқаны – есте қаларлық жайт.

«Айбын» республикалық жастар жиыны басталды

Олар «әскери қызметкер болу – «тек ер азаматтың міндеті» деген түсінікке толығымен қарсы. Олардың көпшілігі өмірін армиямен және әскери қызметпен байланыстыруға ниетті.   

«Айбын» республикалық жастар жиыны басталды

«Біз жиынға екі ай дайындалдық. 22 қыздың ішінен екеумізді таңдады. Маған әскери қызметкер болған ұнайды. Алдағы уақытта лейтенант әскери атақ алғым келеді. Тіпті, болашақта генерал болсам деген арманым да бар» дейді М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті, әскери кафедрасының 1-курс студенті Аида Бәйдібекқызы.

«Айбын» республикалық жастар жиыны басталды

Естеріңізге сала кетейік, «Айбын» жиыны 18 маусымға дейін жалғасады. Шараға қатысушы жастар бір апта бойы күш сынасып,  теориялық білімдерін сынау үшін барын салады.


Әзірлеген Айбота Өтеулі

  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға