Жаңалықтар

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдерді қабылдау жалғасуда

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдерді қабылдау жалғасуда
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 22.07.2024 13:47 393

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармаларды қабылдау жалғасатынын мәлімдеді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында үшінші рет өткізіледі.

Ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.

Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.

Өтінім 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін www.aiboz.kz сайты арқылы жолдануы тиіс. Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға