«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының таныстырылымы өтеді
14.06.2022 16:34
Фото:
ktk.kz
Кездесуге ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар қатысады.
Ұлттық әдеби сыйлық жеті номинация бойынша жарияланады. Олар: «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік комикс», «Үздік кітап дизайны».
Әдеби сыйлыққа ақын-жазушылар мен жас қаламгерлер қатыса алады. Ұсынылатын еңбектерді 15 маусым мен 1 қазан аралығында aiboz@kitap-palatasy.kz электронды мекенжайына жіберу қажет. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады. Толығырақ ақпаратты www.kitap-palatasy.kz сайтынан көруге болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

