Айбота Ертайқызы Чехияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
12.09.2025 04:23
Фото:
ҰОК
Чехияның Брно қаласында көркем гимнастикадан Гран-при сериясының кезеңі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл беделді халықаралық турнирде Қазақстан атынан Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді. Дүбірлі дода 12-14 қыркүйек аралығында өтеді.
Айта кетейік, Айбота Ертайқызы жақында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен әлем чемпионатына қатысқан болатын. Алайда ол финалға жолдама ала алмады.

