Жаңалықтар

Айболат Ыстыбай Загреб Гран-приінде қола жүлдегер атанды

Айболат Ыстыбай Загреб Гран-приінде қола жүлдегер атанды
Фото: Ijf.org 19.08.2023 12:21 1500

Қазақстандық дзюдошы Айболат Ыстыбай әлемдік Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі дзюдо федерациясына сілтеме жасап. 

Загребте өтіп жатқан әлемдік бәсекеде ол ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, ел қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Жұбаныш финалында отандасымыз Кипр спортшысы Георгис Баларжишвилиден басым түсті. Айболат Ыстыбай жарыс барысында барлығы 6 кездесу өткізіп, оның бесеуін жеңіспен аяқтады. Ширек финалға дейін қарсылас шыдатпай, Украина, Латвия және Израиль спортшыларын айқын басымдықпен жеңді. Оны тек жартылай финалдық жолдаманы сарапқа саларда Дэвид Торне Гарсиа (Испания) ғана тоқтата алды. Ал жұбаныш белдесуінде Айболат әзірбайжандық Карамат Хусейновты жарыс жолынан шығарды.

Айта кетерлігі, Загребте дзюдодан әлемдік Гран-при жарысы басталды. Үш күнге созылатын байрақты бәсекеге барлығы 83 елден 500-ден аса татами шебері бақ сынауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға