Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Азия чемпионатының жартылай финалында атағына лайық өнер көрсетіп, алтын медальға таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Таиландта өтіп жатқан сары құрлық біріншілігінің жартылай финалында отандасымыз өзбекстандық жас боксшы Жахонгир Зокировты жарыс жолынан шығарды. Айбек айқасты толық бақылауында ұстап, тиісінше төрешілер де жеңісті бірауыздан қазақстандық былғары қолғап шеберіне берді – 5:0.
Жахонгир Өзбекстан құрамасынан кәсіпқой боксқа ауысқан Баходир Жалоловтың ізбасары саналады.
Айбек финалда Қытай елінің боксшысы Ремула Абудурекситимен кездеседі.
Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 желтоқсан күні өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

