t.me/olympickz/Тұрар Қазанғапов

Айбек Оралбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына өте алмады

01.08.2024 21:22

Қазақ боксшысы Айбек Оралбай Париж Олимпиадасындағы жекпе-жекте жеңіліс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Отандасымыз ширек финалда әзербайжандық боксшы Альфонсо Домингеске есе жіберді.

92 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айбек Оралбай қарсыласынан 2:3 есебімен жеңіліп, Олимпиада ойындарын аяқтады.