ҚР ҰОК

Айбек Оралбай бокстан әлем чемпионатын сәтті бастады

09.09.2025 05:37

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жерлесіміз 90 келіден жоғары салмақтың 1/8 финалында түркиялық Мусахит Илиаспен өзара мықтыны анықтады.

Айбек Оралбай алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.