ҰОК

Айбат Мырзамұратов Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүзуден жарыстар жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Айбат Мырзамұратов 200 метрге кешенді жүзуден өз іріктеу кезеңінде екінші орын алып, финалға жолдама алды.

Глеб Коваленя мен Максим Сказобцов 100 метрге арқамен жүзуден бастапқы кезеңде сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға шықты.