Жаңалықтар

Аяқ туралы 7 қызықты дерек

Біле жүрейік...
Аяқ туралы 7 қызықты дерек
23.05.2018 15:49 12527

Сіз өзге қалалар сәулет туындыларын, өзге елдің тұрмыс-тірлішігін, өзге ғаламшар құрылымын жақсы білуіңіз мүмкін. Ал өз ағзаңызды жетік білесіз бе? Мәселен, жүгіргенде аяғыңызға түсетін салмақтың 3-4 есе артатынын, қаншама тер бездерінің барын білесіз бе? Бүгінгі біздің топтамамызда осындай бірнеше қызықты деректер бар.

Таңертең – кішкентай, кешке – үлкен

Бұрын-соңды аяғыңыздың көлемі өзгеріске ұшырап тұратынын естіп пе едіңіз? Енді біліп жүріңіз, кешкілік таңертеңгілік уақытқа қарағанда табанымыз үлкейе түседі екен. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, таңертең және кешкілік табанның көлемінде 8%-ға дейін айырмашылық болуы мүмкін. Сол үшін аяқ киім сатып аларда түстен кейінгі уақытты таңдағаныңыз жөн. Әйтпесе, алған затыңыз тар болып, қайта ауыстыруыңызға тура келеді.

Аяқтарыңызды сақтаңыз

Барлық сүйектердің төрттен бір бөлігі біздің аяғымызда орналасқан (206 сүйектің 54-і). Жаяу жүрсек те, спортпен шұғылдансақ та барлық ауыртпалық қимыл-тірек аппаратына түседі. Мәселен, жүгіру кезінде аяққа салмағыңыздан 3-4 есе артық жүк түсуі мүмкін. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, жарақаттардың басым бөлігі аяққа келеді екен.

Жүру – бір орында тұрғаннан пайдалырақ

Адам жүрген кезде бір орында тұрғаннан гөрі өз денесін мықтырақ ұстайды. Бұл биомеханикалық феномен бүгінгі күнге дейін нақты зерттелмей отыр. Тек белгілісі, тұрған кезде біздің организміміз өзінен-өзі шаршайды екен. Сондықтан біле жүріңіз құр тұрған адам жүрген адамнан тезірек шаршайды. 

Биік өкшелі аяқ киім зиян

Әрбір 2 см тақаның биіктігі аяқ саусақтарының қысымын 25%-ға арттырады. Статистика шамамен 90% нәзік жандылардың тар аяқ киім киетінін айтады. Сол үшін әйелдердің аяғы ерлерге қарағанда 4 есе артық ауырады. Жалпы, биік тақаның зияны шаш етектен. Бұл қатарға мына бір қызықты деректі де қоса кетуді жөн санадық: сұлулардың 65%- аптасына 40 сағат биік өкшелі аяқ киім кисе, олардың 35%-ның биікті 12,7 см асады.

Аяқ киімнен неге жаман иіс шығады?

Аяқта 250 мың тер бездері бар. Олар күн сайын 400 мл тер бөледі. Бірақ, олар біз ойлап тұрғандай, «жағымсыз» иіс шығармайды. Сонда қалай? Жалпы, түрлі иістер шығаратын бактерияларға аяқ киім мен шұлық керемет жылы әрі ыңғайлы орта түзеді. Мұндай проблемамен бетпе-бет келіп жүрсеңіз, шығатын жол барын ұмытпаңыз.

Ең көне аяқ киім

Ең көне аяқ киім 2008 жылы Армениядағы Арени үңгірінен табылған. Ғалымдар тарихи олжаны энолит (б.з.д. 3600-3500 ж.ж) дәуіріне жатқызып отыр. Бұл – жұмсақ сүйірленіп келген чарохалар. Бүгінге дейін табылған аяқ киімдердің ішіндегі ең-ең ежелгісі болып отыр. Олар армян ауылдарында киген аяқ киіммнен ешқандай айырмашылығы жоқ. Әзірге, оның ер не әйел адамға тиесілі екені белгісіз. Тағы бір қызықты дерек: аяқ киімдерді оң мен солға бөлген алғашқы римдіктер, оған дейін екі аяқтікі бірдей болған.

«Мортон саусағы»

Жер шарындағы адамдардың 10%-ның екінші саусағы біріншісіне қарағанда ұзынырақ. Олар «Моргон саусағы» деген атауға ие. Жалпы бұл ерекшелік оларға қатты ыңғайсыздық келтірмейді, тек аяқ киімді дұрыс таңдап алса болғаны. Ежелгі римдіктер мен гректерде мұндай саусақтар сұлулық этоланы болған. Сәулетшілер оларды өз жұмыстарына қосып отырған. Ал египеттіктерде  екінші саусақ біріншіге қарағанда қысқа болған. Айтпақшы, Америкадағы еркіндік монументі  «Мортон саусақты» екенін біліп пе едіңіз?

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға