Жаңалықтар

"Аяғымды кетпенмен шауып алғанмын": Жұлдыз Әбдукәрімова бала кезіндегі естелікті бөлісті

"Аяғымды кетпенмен шауып алғанмын": Жұлдыз Әбдукәрімова бала кезіндегі естелікті бөлісті
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial 10.12.2023 16:21 6549

Қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдукәрімова бала кезіндегі естеліктерді бөлісті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жұлдыз бала күнінде жиі барып тұратын мекенге қадам басып, қызықты сәттерін еске алды. Актрисаның сөзіне қарағанда, ол мақтаға барып, тіпті кетпен де қолына ұстап көрген.

Маған бұл мекен бөтен емес. Нағышыларымның ауылы. Бала күнімде жиі келетінмін. Сол себепті ең қызық та тәтті естеліктерім осы жермен байланысты.

Жетісай ауданы мақта шаруашылығымен айналысатынын білесіз ғой? Жазы ми қайнайтын ыстық. Сол аптапта шабыққа шығатынбыз. Баланың ісі шала емес пе, екі рет аяғымды кетпенмен шауып алғаным есімде.

Сол кездерді ойласам, арықтан су ішіп, күннің астында жүріп, ағаштан алманы үзіп алып, етегімізге сүртіп жіберіп жесек те ауырмайтынбыз. Балалық мекенім сонысымен тәтті, ыстық, - деп жазады ол Instagram-да.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға