Аягөзден шыққан жерде 100-ден астам көлік кептелісте тұр
31.01.2025 23:05
Фото:
Видеодан кадр
Абай облысында Аягөзден шыққан жерде 100-ден астам көлік кептелісте тұр. Облыстық Полиция департаменті жағдайды тәртіп сақшылары бақылауда ұстап отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Боран мен нашар көріну салдарынан Аягөз қаласынан шығатын жолда 100-ден астам автокөлік кептелісте қалып қойды. Полиция қызметкерлері оқиға орнында, жағдайды бақылауда. Погондылар жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жүргізушілерге сабыр сақтап, құқық қорғау органдарының нұсқаулықтарына сәйкес әрекет ету ұсынылады. Ауа райы жақсарған ша, полиция көлік колоннасын Семей – Алматы тас жолына дейін алып жүруге дайындық жасауда,-деп атап өтті полициядан.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

