Жаңалықтар

Аягөзде жоғалған баланы 70-ке жуық адам іздеп жатыр

Аягөзде жоғалған баланы 70-ке жуық адам іздеп жатыр
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 11.02.2024 23:18 713

Аягөз қаласында жоғалған бала туралы хабар бүгін сағат 17:30-да келіп түсті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына дереу ТЖД Жедел-құтқару жасағының және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жолданды.

Іздеу жұмыстарына ТЖД, полиция, "Восток" РМҚК 10810 әскери бөлімінің күштері, жергілікті тұрғындар мен туыстары жұмылдырылды.

Күндізгі жарықтың аяқталуына байланысты ТЖМ авиациясы қолданылмады. Қажет болған жағдайда (іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру кезінде) тікұшақтың іздестіру жүргізілетін жерге ұшуы 12 ақпан күні таңертеңгі уақытқа жоспарланған.

Іздеу жұмыстарына барлығы 74 адам, 17 техника, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты және 20 жылқы жұмылдырылған. Оқиға орнына Семей қалалық ТЖД қосымша күштері мен құралдары жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға