Жаңалықтар

Аягөзде бір отбасының 4 баласы өрт кезінде қаза тапты

Аягөзде бір отбасының 4 баласы өрт кезінде қаза тапты
Фото: © El.kz 26.10.2023 09:00 1102

Абай облысының әкімдігі Аягөз қаласындағы өрт жағдайы бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал келіп түсті. 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге кетті.

 Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 ш. м. жиһаздар мен жеке заттары жанғаны анықталды. Өрт сағат  11:10-да оқшауланып,  11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда. 

Оқиға орнында төрт баланың денесі табылды. 

Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізуде. Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде. Жағдай ЖАО бақылауында, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға