Аягөз гарнизонының сержанттары 32 адамды құтқарды
16.03.2025 15:57
Фото:
Видеодан кадр
Абай облысындағы Шұбарбайтал ауылының маңындағы Үржар – Семей автожолынан 695 шақырым жерде қатты боранның салдарынан автокөлік легі тоқтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқару операциясына Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 97616 әскери бөлімінен сержант Бауыржан Ақасов пен 3-сыныпты сержант Айдын Мәдімов тартылды.
Әскери қызметшілер 32 адамды, оның ішінде 15 баланы қар құрсауынан құтқарып, Аягөз қаласының уақытша орналастыру пунктіне жеткізді. Жолаушылар әскери қызметшілерге жедел көмек көрсеткені үшін алғыс айтып, қиын жағдайда қол ұшын созған жандарға шын жүректен ризашылықтарын білдірді, – делінген хабарламада.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

