Жаңалықтар

«Ай Күн бетін толық жабады». Бүгін Күн тұтылады

«Ай Күн бетін толық жабады». Бүгін Күн тұтылады
Фото: ©pixabay.com 08.04.2024 15:31 3128

Бүгін Күн тұтылады, табиғат құбылысы 5 сағатқа созылуы ықтимал, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Астрономдар Астана уақытымен сағат 23:17 шамасында Күннің толық тұтылатынын мәлімдеді. Күннің тұтылу процесі, әсіресе, Мексиканың солтүстік аймағында анық байқалады.

Сондай-ақ Күннің толық тұтылуы АҚШ пен Канадада, Тынық мұхиты мен Атлант мұхитындағы кейбір аралдарда да көрінеді. Жеке фазалардың тұтылуын Солтүстік және Оңтүстік Америка, Орталық Америка, Тынық және Атлант мұхиттары жағалауындағы елдер мен Батыс Еуропа тұрғындары тамашалай алады.

8 сәуірдегі Күн тұтылуы кезіндегі Жерден айға дейінгі арақашықтық – 353 321 шақырым. Ал Ай көлеңкесінің орташа ұзындығы 373 320 шақырым болады. Айдың көрінетін диаметрі Күн дискісінің көрінетін диаметрінен 1,0566 есе үлкен болғандықтан Ай Күн бетін толығымен жабады.

Күн тұтылуы кезінде қараңғылық тез түседі. Көкжиекте қызғылт шапаққа ұқсайтын жарқырау байқалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға