Автобустың әйнегін сындырған астаналық тұрғын қамауға алынды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
16.11.2023 15:21
Фото:
Видеодан кадр
Оқиға 16 қарашада таңғы сағат 05:50-де болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Иманов көшесінде ер адам автобустың алдыңғы әйнегін сындырды.
Елорда полицейлері құқық бұзушыны дереу ұстады. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ер адам "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша 15 тәулік мерзімге қамауға алынды.

