Жаңалықтар

Автобуста видеоға түсіп қалған қалта ұрысы ұсталды

Автобуста видеоға түсіп қалған қалта ұрысы ұсталды
Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі 11.06.2024 14:10 809

Алматыда автобустардың бірінде әйелдің мойнындағы әшекейді білдірмей шешіп алмақ болған қалта ұрысы ұсталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Бұл туралы Аламыт Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ұсталған 1983 жылғы ер адам бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған

Қазір ол қамауға алынған. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, әлеуметтік желіде алдыңғы орындықта отырған әйелдің әшекейін шешіп алмақ болған ер адамның видеосы тараған еді. Оны куәігерлер білдірмей видеоға түсіріп алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға