Автобус жүргізушісі жолаушыны қағып мерт қылды
Мөлдір Қайнар тілші
Өскеменде маршруттық автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, қайылы оқиға 28 қарашада сағат 6:00 шамасында Абай даңғылында болған.
«Гаванский көпірі» аялдамасы маңында жол-көлік оқиғасы болды. Автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлады ШҚО ПД өкілдері.
Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

