Якутияда вахталық автобус жардан құлап, салдарынан 15 адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тағы жеті адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ТАСС агенттігі республикалық Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап мәлімдеді.
Министрлік ақпаратынша, жол-көлік оқиғасы 03:20 шамасында "Денисовский КБК" АҚ-ның технологиялық автожолында тіркелген. «НефАЗ 4208-34» маркалы автобус басқарудан шығып кетіп, шамамен 25 метр биіктіктен құлаған.
Жол апатының салдарынан 15 адам, оның ішінде вахталық автобус жүргізушісі де бар, оқиға орнында көз жұмды. Тағы жеті адам ауруханаға жеткізілді, — делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Маңғыстауда төрт жастағы баланы автобус қағып кеткені туралы жазған едік.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

