Автобус көпірден құлап, 50-ден астам адам қаза тапты
11.02.2025 17:17
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Гватемалада жолаушылар автобусы көпірден құлап, салдарынан кем дегенде 55 адам қаза тапты. Бұл туралы The Guardian-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Апат кезінде лық толған автобус ішінде 70-тен астам адам болған. Автобус Сан-Агустин-Акасагуастлан қаласынан ел астанасына бара жатқан. Өрт сөндіру бөлімі автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, бірнеше көлікке барып соқтығысқан.
Оқиға орнында 53 адам қайтыс болды, тағы екеуі ауруханада көз жұмған.
Гватемала президенті Бернардо Аревало үш күндік аза тұту туралы жариялады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

