Жаңалықтар

Ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге әлі жеткен жоқпыз - Ұлытау облысының әкімі

Ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге әлі жеткен жоқпыз - Ұлытау облысының әкімі
Фото: © ОКҚ 26.06.2023 15:34 1366

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Облысымыздың құрылғанына жақында бір жыл толды. Осы уақытта ауыз толтырып мақтанатындай нәтижеге әлі жеткен жоқпыз. Дегенмен экономикалық көрсеткіштерге келсек, біреуінен алда, біреуінен артта демекші, әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша өткен 5 айда 20 өңірдің ішінде 7-орындамыз, - Берік Әбдіғалиұлы.

Ұлытау облысының экономикасы 60 пайыз өсті. Өңірлік өнім 1,04 есе ұлғайып, 1,07 триллион теңгені құрады.

Біздің бірінші ерекшелігіміз – еліміз бойынша жеріміздің үлкендігінен бесінші орындамыз. Екіншісі – басқа облыстарға қарағанда біздің облыс 2 қала, 3 ауданнан тұрады. Үшіншісі – статистикалық көрсеткіш бойынша халықтың саны өткен бір жылда 700 адамға ғана артты», - деді әкім.

Сонымен қатар Берік Әбдіғалиұлы облыстағы халықтың орташа жасы 34 екенін айтты. Бұл жастардың азаюының да көрсеткіші болып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға