Жаңалықтар

Ауыстыруға болады. Жанар Айжанованың экс-күйеу баласы ұлының тегі туралы айтты

Ауыстыруға болады. Жанар Айжанованың экс-күйеу баласы ұлының тегі туралы айтты
Фото: instagram.com 07.04.2023 16:22 6607

Режиссер Қыран Талапбек «Taboo» бағдарламасында ұлы Назардың тегі кімнің атында екенін білмейтінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Танымал мобилографтың сөзінше, баласы өзінен айнымайды.

Баламды көрсем, өзімді көргендей боламын. Қырсықтығында шек жоқ. Ондай мінез менде де бар. Балам болашақта немен айналысамын десе де жан-жақты қолдауға дайынмын. Ұлыммен мүмкіндігінше жиі көрісіп тұруға тырысамын. Назарды алғаш рет 6-7 айлығында көрдім. Менің қазіргі басты мақсатым – баламның тұлға болып қалыптасуына септігімді тиігізу, – дейді Қыран Талапбек.

Режиссер ұлына кез келген сәтте қолдау көрсетуге дайынмын деп отыр.

Білмейді екенмін. Менің фамилиямды бермегенін білемін. Мен Назардан бас тартқан емеспін, бас тартпаймын да. Оны әрқашан қолдауға дайынмын. Оның тегі маңызды емес, тегін кез келген уақытта өзгерте салуға болады. Бастысы ол – менің балам. Назар әлден тәуекелшіл, қырсық, – дейді мобилограф. 

Айта кетейік, бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова ұлына өзінің тегін бергені жайлы айтып, халықтың сынына ұшырап еді.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға