Ауыр жарақат алған Темірлан Анарбековтің алаңға қашан оралатыны айтылды
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қақпашы Темірлан Анарбековтің жарақатынан кейінгі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Еске сала кетсек, қақпашы ішкі чемпионаттағы «Ақтөбеге» қарсы матчта ауыр жарақат алып, «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойыны – «Спортингке» қарсы кездесуге қатыса алған жоқ.
Бапкердің сөзінше, футболшы 30 қыркүйек күні «Реалға» қарсы өтетін матчқа дейін алаңға орала алмайды.
Темірлан ауруханадан шықты, ол базаға да келіп кетті. Қазір иегінде арнайы бекіткіш тұр, сондықтан аузын кең аша алмайды. Сол бекіткіш алынған соң жаттығуларға кіріседі. Дәрігерлердің айтуынша, оңалу процесі қалыпты жүріп жатыр. Бұдан бөлек бізде Александр Заруцкий бар. Ол бірнеше күннен кейін жаттығуды бастайды, жақын күндері оған да сенім арта аламыз. Қалмұрзадан бөлек тағы да сенім артуға болатын жігіттер жеткілікті. Жақын арада барлық қақпашылар сапқа қосылады, – деді Уразбахтин Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Темірлан Анарбеков көпшілікке Шотландияның атақты «Селтигімен» өткен матчта танылды. Бұл кездесуде ол алматылық ұжымның жеңіске жетуіне себепші болып, өзі ғаламат күннің басты қаһарманына айналды,

