instagram.com/murat_bissenbin

Ауыр дертке шалдыққан актердің жағдайы белгілі болды

04.06.2025 17:30

Қатерлі дертпен күресіп жүрген актер Мұрат Бисембиннің жай-күйі қалың көрерменді бейжай қалдырмады, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Былтыр ауыр диагноз қойылған сәттен бастап, ол өзінің өмір үшін табанды күресін бастап кетті. Сол кезде ол жанашырларына арнап: "Мені жеңу оңай емес", – деп, үміт пен жігерге толы үндеу жолдаған болатын. Содан бері бір жылдан астам уақыт бойы актер салауатты өмір салтын қатаң ұстанып, ем-домын үзбей қабылдап келеді.

Жақында актердің жақын досы, әріптесі Саят Исембаев әлеуметтік желіде Мұрат Бисембиннің қазіргі жағдайын баяндайтын сурет жариялап, "Бізде бәрі жақсы", – деген қысқа, бірақ үмітке толы жазба қалдырды. Бұл жаңалықты көрген желі қолданушылары бірден қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жазып, сауығып кетуін тіледі.

Оқи отырыңыздар:

Айта кетейік, қос актер көпшілікке кеңінен танылған «Рэкетир» фильміндегі рөлдері арқылы есте қалған.