Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 5 тамызда басталды. Қаржыландырудың жалпы сомасы 40 млрд теңгені құрайды, оған мыңға жуық қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланып отыр.
Бағдарламаның шарттары:
Лизинг мерзімі - 10 жылға дейін;
Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6%;
Лизинг бойынша бастапқы жарна - 0%;
Негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең - 1 жыл.
Жеңілдікті бағдарлама шағын және орта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған, сондықтан бағдарлама бойынша бір лизинг алушыға - 205 млн теңгеден артық берілмейді және техника үш бірліктен аспауы үшін лимит белгіленген. Лизинг алушыны қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді.