Ауылға барған дәрігерлерге 9 миллион теңге беріледі – вице-министр
02.11.2023 11:14
Фото:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап 1500 АЕК-тен 2500 АЕК-ке дейін көтеріледі. Бұл 9 миллион теңге. Бұл қаржы ауылға барған жас мамандарға өзіне үй алып немесе басқа да әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында беріледі. Ол қаржылай көмек түрінде беріледі, - деді вице-министр.

