Жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға кәсіпкерлер тартылады

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға кәсіпкерлер тартылады
Фото: Ұлттық экономика министрлігі 18.10.2023 05:23 552

Астанада Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергеновтың төрағалығымен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Денсаулық сақтау министрлігінің, медициналық сақтандыру қорының, «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ, «Turar Healthcare» КЕАҚ, «Атамекен» ҰКП және бизнес қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Шараға қатысушылар МЖӘ механизмдері арқылы бизнесті Ұлттық жобаға тарту жоспарларын қарастырды.

Ұсынылып отырған қосымша шара кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз етуге, жеке сектор инвестицияларының өсуін ынталандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, бюджетке түсетін жүктемені азайтуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы жобалардың тартымдылығын арттыруға бағытталатын болады. Жалпы, бұл бағыттағы шараларды бизнес-қоғамдастық қолдап отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға