Жаңалықтар

Ауылдарда ғана емес, қалада да интернет сапасына шағым көп – Дүйсенова

Ауылдарда ғана емес, қалада да интернет сапасына шағым көп – Дүйсенова
Фото: ©Pixabay.com 26.06.2024 11:25 709

Мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова еліміздегі интернет мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Интернетке қатысты шағымның көп екенін өзіміз де біліп отырмыз. Мәселе тек шалғай елді мекендерде интернеттің нашар болуында ғана емес. Қалаларда да мобильді байланыс пен интернет сигналының көңілден шықпауы байқалады. Қордаланған мәселелерді жүйелі түрде шешу мақсатында тиісті Ұлттық жоба бекітілді және іске асырылуда. Оның аясында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы 3010 ауылға оптикалық байланыс желілерін қосу көзделуде, - деді премьер-министрдің орынбасары.

Айтуынша, бүгінде Қазақстанда 6 290 ауыл бар, оның ішінде сымды интернет арқылы оптика 2 606 ауылға жеткізілді. Нәтижесінде 2,4 млн адамның интернетке қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Мобильді интернет бүгінде 4 866 ауылда қолжетімді. Өткен жылы 1 161 ауыл 4G технологиясына қосылды. Қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда. Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында 5G байланыспен қамтуды кеңейту жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 20 қалада 1 144 базалық станция орнатылған.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталады, - деді Тамара Дүйсенова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға